2022-2023 оқу жылындағы әлеуметтік педагогтың атқарған жұмысының жылдық есебі. » Азат негізгі орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Азат негізгі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022-2023 оқу жылындағы әлеуметтік педагогтың атқарған жұмысының жылдық есебі.
03
июль
2023

2022-2023 оқу жылындағы әлеуметтік педагогтың атқарған жұмысының жылдық есебі.


2022-2023 оқу жылындағы әлеуметтік педагогтың атқарған

жұмысының жылдық есебі.

Мақсаты: әлеуметтік педагогтың жыл бойы атқарған лауазымдық қызметіне сараптама жасау, ата-аналармен жүргізілген психологиялық-педагогикалық жұмыстың қорытындысын шығару, салыстырмалы көрсеткішін анықтау және жаңа оқу жылының жоспарына енгізетін ұсыныстар жасау
 
Жұмыс объектісі - оқушылар, олардың ата-аналары және отбасылары. Оқушылардың әлеуметік

 жағдайын жақсарту мақсатында жүргізілген жұмыстарға тоқталатын болсақ:
 2022-2023 оқу жылындағы мектептің әлеуметтік төлқұжаты
     Оқу жылының басында барлық сыныптардың әлеуметтік төлқұжаты жасалынып, жиналған 

мәлімет сараптамадан өткізілді.

   Тамыз  айында 2022-2023  жылға арналған жұмыс жоспарын дайындап,  әдістемелік бірлестік отырысында қаралып бекітілді. Жылдық жоспар негізінде айлық  жоспарлар жасалып, жоспар бойынша төмендегі жұмыстар жасалды.  2022 жылдың 1 қыркүйегінен 1-9 сынып аралығында  оқушылардың жеке құжаттарымен танысып, әр түрлі жағдайына қарай тізімін жасалды. Көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен, жартылай жетім, ажырасқан отбасы,   әкесі - анасы жоқ, форма №4 және аз қамтамасыз етілген балалардың әлеуметтік төлқұжатты жасалды



Әлеуметтік     санаттар

Саны

           1                                                                                                                                              

Барлық  оқушылар


247 / 420

2

Толық  отбасылар

Толық емес отбасы 

139 / 257

108/ 163


3

Жартылай жетім бала, отбасы саны             /анасы жоқ      11/15                / әкесі жоқ     3/7     

14 / 22

4

Көп  балалы  отбасы

45 / 82

5

Аз     қамтамасыз  етілген  отбасы /1-9 сынып АСП/ 

11 / 16

6

Жетім  балалар, ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған     балалар

0

7

Мүгедек     балалар,  мүмкіндігі  шектеулі     балалар/үйде оқитын/

3 / 3

9

Ажырасқан отбасы бала саны

22/ 24

10

Форма №4

4/ 6

11

Өгей әкесімен тұратын бала, отбасы саны 

8/ 9

12

Өгей анасымен тұратын бала, отбасы саны

1/1

13

Азаматтығы жоқ     балалар

0

14

Басқа     мемлекеттің  азаматы  болып табылатын  білім     алушылар

0

15

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімде  тұрғандар

0

16

Мектеп ішілік     бақылау есебінде тұрғандар

4/4


2022-2023 жылғы оқу жылында 1-9 сыныптар үшін оқыту дәстүрлі форматта басталды. 

Оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан

 шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылының басына дайындық уақыты кезінде 

ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер 

бойынша мектепке балалардың келмеуінің алдын алу мақсатында Республикалық «Мектепке  жол» 

акциясы 2022 жылдың 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында жүргізілді. Акцияға біздің мектебіміздің мұғалімдері өз үлестерін қосты. Акция «Жүректен жүрекке» атты ұранмен жүргізілді.   «Мектепке жол» республикалық акциясына Азат негізгі орта мектебінің мұғалімі Кутимов Саид Ренатович;  6 оқушыға мектеп формасы,  аяқ киім / Әр балаға  18 мыңға мектеп формасы  7 мыңға аяқ киім /,Исмаилова Оглям Миталиповна 1 оқушыға мектеп формасы, спорттық косюм және кофтаға  50 мың теңге ,Курбанов Асан  Сулаймановичкөпбалалы отсына 20 мың ақшалай көмек көрсетті. Мусаров Рехимжан Курванжанович Қамқорлық қорынан «Рахатик»  көпбалалы оқушыларға 4 қыстық  сырт киіммен қамтамасыз етті.Азат аулының Ақсақалдар  кеңесінің ұйымдастырымен көпбалалы отбасы Асылхандарға 150 мың ақшалай көмек көрсетілді.Сонымен қатар «Міндетті білім қорынан» 27 білім алушыға 37389 теңгеден қаражат бөлінді. 

 Қыркүйек айында жұмыс жоспарына сәйкес сынып жетекшілер арасында әлеуметтік жағдайы төмен оқушылардың үйлеріне, орталық базар, көлік жуу, ойын сауық орындарына рейд ұйымдастырылды. Ұйымдастырылған рейдтің мақсаты көрсетілген орындарда мектептің жұмыс жасап жүрген оқушыларын анықтау болды. Осы мерзім аралығында жұмыс істеп жүрген мектеп оқушылары анықталмады.
 Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Түнгі   рейді» өтті.
 Қараша айында дене шынықтыру пәнінің   мұғалімі  Кутимов Саид  Ренатович мектебіміздің көп балалы аз қамтылған отбасыларға қыстық куртка және қыстық етіктерімен 65 мың тенге көмек көрсетті.3 А сынып оқушысы Серікбайқызы Айдана , 1 А сынып   оқушысы Тұражан Нұрқасым,2А сынып оқушысы Перембай Аяла, 2Б оқушысы Асимджанова Соледат , 3Б оқушысы Уткина Самира, 2Всынып оқушысы  Аляев Радмирға . 

2022 жылы желтоқсан айының 27 жұлдызында президенттің  шырша тойына  мектебімізден 1 оқушы барды. Толық емес отбасынан 3В сынып оқушысы Жалилов Ратмир.

«Добрые сердца» қайрымдылық қорынан 825000 тенге көлемінде сыйлйқ жасалды. 50 куртка, спартивка, етік, қымбат ойыншықтар,  кофталар,  55 жаңа жылдық сыйлықтар таратылды.

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Түнгі  рейді» өтті.
   Қаңтар   айында дене шынықтыру пәнінің   мұғалімі  Кутимов Саид  Ренатович   мектебіміздің көп балалы аз қамтылған отбасыларға қыстық етіктерімен 260000 мың тенге көмек көрсетті. 0 А сынып оқушысы Мушрапилова Джанета , 0 Б сынып   оқушысы Жапаров Нурислам,1 Б  сынып оқушысы Ниязова Дилярам, 2Б оқушысы Ниязов Алишер, Усманов Имиль, Билалова Эльвира,4 А сынып оқушысы Арслан Айзере, Нұрмухамбет Нұрай, Оразқан Ұлпан,  3 Г сынып оқушысы КожамбердиеваАнеля, Рахманова Исмира, Билалов Ифрат, 1Б сынып оқушысы Юсупова Ариана, Сараджиева Аиша, 3Б сынып оқушысы Сабров Амир, Тохтаметова Сафина, Умытжанова,Итакова, 3 А Жумабай Рамазан, Серікбайқызы Айдана, 4 Б сынып оқушысы Асимджанов, 2 В сынып оқушысы   Чибисова Анастасия, 2 А сынып оқушысы Пәзілжан Алуа, Закирали Айқын, 1 А сынып оқушысы Төремурат Рамазан.
 Ақпан   айында Азат аулының тұрғыны жеке кәсіпкер Турганова Дилярам демеуші ретинде қыздарға арналған  қыстық сырт киім ұсынды.  30000 мың тенге көлемінде.

Ақпан   айында орыс тілі  пәнінің   мұғалімі  Курбанова Рошангуль Важитовна  мектебіміздің көп балалы отбасыға азық-түлік ретінде 20000 мың тенге көмек көрсетті. Жұмыс  жоспарына сәйкес сынып жетекшілер арасында әлеуметтік жағдайы төмен оқушылардың үйлеріне, орталық базар, көлік жуу, ойын сауық орындарына рейд ұйымдастырылды. Ұйымдастырылған рейдтің мақсаты көрсетілген орындарда мектептің жұмыс жасап жүрген оқушыларын анықтау болды. Осы мерзім аралығында жұмыс істеп жүрген мектеп оқушылары анықталмады.
 Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Түнгі   рейді» өтті.
 Оқушы мен құқық бұзушылықтың алдын-алуға байланысты мектеп психологімен бірлесе отырып бірнеше сауалнамалар алынып, жұмыстар жүргізілді.
 Сонымен қатар сабаққа себепсіз келмей, жиі кешігіп келетін, сынып жетекшіні тыңдамаған 8 «А» сынып оқушысы  2 Б сынып оқушысы Сафронов Салимның  үйіне комиссия құрылып, отбасының тұрмыс  жағдайын тексеру актісі жасалынды.

Наурыз, мамыр  айында орыс тілі мен әдебитеті мұғалімі Курбанов Асан Сулайманович

 мектебіміздің көп балалы аз қамтылған /АСП/ отбасыларға азық-түлік ретінде 100000 мың тенге көмек

 көрсетті 


Ұсыныс:
 1. Келесі 2023-2024 оқу жылында осы ұсыныстар есепке алынып, оқу жылының басынан көп балалы,

 тұрмысы төмен, жетім балаларға аса назар аударылып, әрқайсысының жағдайына сай қажетті

 көмек жасау;
 
 2. Кәсіби шеберліктің әдіс-тәсілдерін, өз білімімді жетілдіру арқылы  жоғарлату;
 
 3. Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан аса мұқтаж балаларға көмек бөлу және осы

 қаражаттың жұмсалуын қадағалау;
 
 4. Үлгермейтін және ауруына байланысты сабаққа ұзақ қатыспаған оқушылар үшін жеке

консультациялар ұйымдастыру.